ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҚТАРДЫ 2024-2025 ЖЫЛДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Бүгінгі күнге Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. Ауданда 18 тұрғын алаптар және 11 шағынаудандар бар. Еңбекші ауданында 728 көшелер мен өткелдер, 1 саябақ 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Тұрғындармен тұрақты түрде қарым-қатынаста бола отырып, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты келесі жұмыстарды атқаруда.
Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтсақ: ауыз сумен 97%-ға, электр жарығымен 98,3%-ға, табиғи газбен 90,7%-ға, кәріз жүйесімен 41%-ға, асфальт жолмен 73,1%-ға қамтылған.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде. 2022 жылы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5% құраған. Қалаға қосылған 7 елді мекеннің құрылысы 2022 жылы бастау алып, 2023 жылы жаңақұрылыс аймақтарын (Жалпы 3724 абонент) Қарабастау-1590 аб., Жұлдыз-484 аб., Қаратөбе-144 аб., Тоғыс-117 аб., Жыланбұзған-16 аб., Айнатас-17 аб.,Исфиджаб-1356 аб.) ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і.
Аудан аумағына жаңадан қосылған «Исфиджаб» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Мелиоратор» ЖШС-і мердігер мекеме болып анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. (Жоба құны –3,0 млрд.тг.)
Қазіргі таңда қамту көрсеткіші 97%-ды құрайды.
2024 жылы Жастар көшесі мен «Қазығұрт» станция аумағындағы 102 абонентті және Оңтүстік-Жаңақұрылыстағы 989 абонентті сапалы ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ әзірлеу жоспарланған.
2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылды. Ал жаңақұрылыс аумақтарды 2024-2025 жылдары 100 пайыз ауыз сумен қамту жоспарланған.
