ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА БИЫЛ 7 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ СЫРТҚЫ ҚАСБЕТІНЕ МУРАЛ САЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Қала көркін муралдар орнату арқылы ашып, тұрғындарға жағымды көңіл күй сыйлау мақсатында 7 көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбетіне Мурал салу жоспарлануда. Олар: Ерімбетов № 30, Жангельдин № 1, Қарасу ш/а № 13, Теріскей ш/а № 2, Жангельдин № 3, Тоқаев №14 Ордабасы алаңы бетінен, Токаев №14.
Қала көркін айшықтау және безендіру мақсатында 16 көпқабатты үйдің қасбеті жарықтандырылады. Олар: Республика даңғылы бойындағы – 11 үй, Тәуке хан даңғылы бойындағы – 1 үй, Теріскей м.а. бойындағы- 3 үй.
Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында, қаланың көркін аша түсіп, жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында тұрғын үй басқармасы тарапынан 20 көпқабатты үйлердің қасбеттерін реттеу және әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Олар: Кабанбай батыр даң. бойындағы 4 үй, Ә.Жангелдин көшесі бойындағы 1 үй, Т.Айбергенов көшесі бойындағы 5 үй, Б.Момышұлы көшесі бойындағы 4 үй, Ғ.Иляев көшесі бойындағы 2 үй, Тәуке хан даңғылы бойындағы 2 үй, Әл-Фараби алаңы бойындағы 2 үй.
Сонымен қатар, 22 көпқабатты үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пәтер иесінің өмір сүруіне қолайлы жағдай қамтамасыз етіліп, коммуналдық инфрақұрылым жақсарту жоспарлануда. Олар: Жангельдин к-сі №12Б, 18, 22а, Восток м/а №25, Иляев к-сі №22, Рысқұлбеков к-сі №2, 16 м/а №9, 40, 18 м/а №63А, Қарасу м/а №70/78, 58, Рашидов к-сі №25Б, 112, Айбергенов к-сі №1Б,Ташенов к-сі №77, Күншығыс ш/а №116, 16, 18, 37, Суриков к-сі №3, Володар к-сі №9.
Айта кетейік, Жалпы, Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 га жерді құрайды, халық саны жалпы 234 857 адам. Аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар. Аудан аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үйлер 623 аулаға біріктірілген. 2023 жылы: «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша 24 балалар және 2 спорт алаңшалары орнатылды.