РУС ENG
4 ноября, 2026

«ӘЛ-ФАРАБИ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ФУНКЦИЯСЫНА СӘЙКЕС 39 ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ

Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 га жерді құрайды, халық саны жалпы 234 857 адам.

Аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциясына сәйкес 39 қызмет түрлерін жүзеге асырады.

  • Аудан аумағында орнатылған балалар және спорт алаңшаларын күтіп-ұстау және кепілдік мерзімі аяқталған алаңшаларға ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Су басудың алдын алу мақсатында салынған ирригациялық жүйелерді күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • Кіші сәулеттік пішіндерді күтіп ұстау;
  • Аудан аумағында орнатылған урналарды күтіп ұстау;
  • Жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін күтіп ұстау;
  • Аудан аумағындағы аяқ жолдар мен қоршауларды күтіп ұстау;
  • Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерге және орталық көшелерге орнатылған декоративті жарықшамдарды күтіп ұстау;
  • Аудан аумағындағы тарихи және мәдени мұраны күтіп ұстау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • Аудан аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған қоқыс алаңшаларын, қоқыс жәшіктерін күтіп ұстау және алаңша маңының тазалығын қамтамасыз ету;
  • Аудан аумағындағы жарықдиодты безендіру элементтерді күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Аудан аумағындағы көше атауы орналасқан тақтайшаларды және көше бағыттағыш тақтайшаларды күтіп ұстау.
  • Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын, ішкі орам көшелердің санитарлық тазалығы және бей берекет жиналған қоқыстарды жинауды ұйымдастыру;
  • Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы және ішкі орам көшелердегі ағаштарды санитарлық қысқарту, қураған ағаштарды кесу, әктеу, шөп ору жұмыстарын жүргізу;
  • Аудан әкімі аппаратының теңгеріміндегі ғимараттарды күтіп-ұстау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімі аппаратының меншігіне берілген ғимараттарды, нысандарды құрылыстарды күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
  • «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі арнайы техникаларымен құрал-жабдықтарды бақылап күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізеді.
  • Аудан аумағында белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасаушылармен жұмыс жүргізу;
  • Аудан аумағында ретсіз жарнамаларды реттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Аудан аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік нысандарға мүгедектігі бар азаматтардың кіріп шығуына қолайлы ортаны қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде қысқы маусымға дайындық кезінде сығымдау жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Пробация қызметінен ұсынылған жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру;
  • Аудан әкімі аппаратының теңгеріміндегі жерлеу және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын күтіп-ұстау және тазалығын қамтамасыз ету.