РУС ENG
4 ноября, 2026

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: 2025 ЖЫЛЫ АУДАН БОЙЫНША 20 КӨШЕНІ АСФАЛЬТТАУ ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкент қаласы әл-Фараби ауданында ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғыл және өткелдер бар. Жолдардың 316 көшесі асфальт, 74 көше тас жолды құрайды. 2023 жылы аудан бойынша 29 көшеге асфальт салынды.

Жалпы, 2024 жылдың қортындысымен асфальтталған  366 көшемен 94%-ға жету жоспарда бар.

Жергілікті тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру және сапалы жол салу және аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелері де қамту мақсатында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2024 жылы 47 көшеге асфальт жол салу жоспарлануда.

2025 жылы аудан бойынша 20 көшені асфальттау жоспарлануда.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде қала тұрғындарының өтінішін қанағаттандыру мақсатында 2024 жылы жалпы 58 (21 000 м) ішкі орам көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына аяқ жол салынады.

Сонымен қатар, 427 (17 000 м) көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы жолдарға асфальт жолдары ретке келтіріліп ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында, қаланың көркін аша түсіп, жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында тұрғын үй басқармасы тарапынан 20 көпқабатты үйлердің қасбеттерін реттеу және әрлеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, 22 көпқабатты үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пәтер иесінің өмір сүруіне қолайлы жағдай қамтамасыз етіліп, коммуналдық инфрақұрылым жақсарту жоспарлануда.

Сондай-ақ қала көркін муралдар орнату арқылы ашып, тұрғындарға жағымды көңіл күй сыйлау мақсатында 7 көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбетіне Мурал салу жоспарлануда.

Көпқабатты үйлердің қасбетін жарықтандыру жұмыстарына келсек, қала көркін айшықтау және безендіру мақсатында 16 көпқабатты үйдің қасбеті жарықтандырылады.

Ал, ирригациялық жүйелерін айтар болсақ, аудан бойынша жалпы ирригация жүйесінің ұзындығы 10 шақырымды құрайды. 2023 жылы аудан аумағында су басу қаупі бар көшелер анықталып, оның 5 көшесіне ирригациялық арықтар салынды.

2024 жылы жалпы аудан аумағында су басу және көлдеу қауіпі бар мекен-жайлар зерделеніп, 2024 жылы 12 көшеге ирригациялық жүйелер жалпы құны   59 415 860 тг  салу жоспарлануда.

Тұрмыстық қатты қалдық алаңшалары бойынша 2024 жылы аудан аумағындағы орталық көшелерге көлемі үлкен мраморлық 370 дана қоқыс жәшігі (урна) орнату жоспарлануда.  Сонымен қатар, 680 дана контейнерлер орнату арқылы қоқыс алаңшасын жаңарту жұмыстары да жүргізілетін болады.