ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІМЕН 100 ПАЙЫЗ ҚАМТЫЛҒАН
Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 га жерді құрайды, халық саны жалпы 234 857 адам. Аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар.
Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100% қамтылған.
Аудан аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үйлер 623 аулаға біріктірілген. 2024 жылы: «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша 70 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 1 млрд 717 млн. 971 мың 510 тг қаржы қаралған.
Халық қатысатын бюджет жобасы шеңберінде балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстары 2024 жылдың соңында 78,3%-ға, 2025-26 жылы 100%-ға жеткізу жоспарлануда.
Аудан тұрғындарына демалыс орындарын ұлғайту және қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аудан аумағында 2024 жылға 3 гүлзар салу жобасы жоспарлануда. Олар: Есіл көшесі (жер көлемі: 0,4 га, қамтылатын халық саны — 5000); Диваев көшесі — Кең-баба саябағының жаны (жер көлемі: 0,31 га, қамтылатын халық саны — 3500); С.Жандосов — Жібек жолы көшесі (жер көлемі: 0,3 га, қамтылатын халық саны — 10000).
2024 жылы тұрғындардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар нысандар орналасқан 118 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Сәйкесінше, биылғы жылдың қорытындысымен жарықтандырылатын көше саны 242-ні құрап, әлеуметтік маңызы бар нысандар толық қамтылады.
Аула ішін жарықтандыру және камералар орнатуға келсек, 2024 жылы аудан тұрғындарының сұранысы бойынша қауіпсіздіктері мен қолайлы орта қалыптастыру ба,ытында көпқабатты үйлердің аула ішіне 112 жарықтандыру орнатылады.
Бейнекамера орнату мәселесіне келсек, 2024 жылы көпқабатты тұрғын үйлер аулалары мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейберекет қоқыс тастау мәселесін алдын алу мақсатында цифрландыру басқармасы тарапынан 114 бейнекамера орнату жоспарлануда. Аталған бейнекамералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына жалғану жұмыстары да жүргізілетін болады.
