АБАЙ АУДАНЫН ДАМЫТУҒА ҚАРАЛҒАН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ 3 887,6 МЛН.ТЕҢГЕ
Шымкент қаласы Абай ауданында 2024 жылдың соңына дейінгі атқарылатын жоспарлар әзірленіп, аталған жоспарларға сәйкес төмендегідей бюджеттік өтінімдер берілді.
Жалпы Абай ауданы әкімі аппаратына қаралған қаржы көлемі 3 887,6 млн.теңге. Оның ішінде: мекемені күтіп ұстау шығыстары, мерекелік іс-шаралар, елді мекендерді абаттандыру, балалар алаңшасын салу, ашық спорт алаңшасын салу, гүлзар салу, қоқыс алаңшасын орнату, аяқ жол салу, мерекелік безендіру, көшелерді жарықтандыруға, мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларына, коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысына қаржылар қаралған.
Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 22 жоба оның ішінде, 20 балалар алаңшасы және 2 спорт алаңшасы салу жоспарланған. Жалпы қаралған қаржы – 531,0 млн.тг.
Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 2 гүлзар салу жоспарланды. Атап айтқанда Қызылжар тұрғын алабына және Шұғыла шағын ауданына. Жоба құны – 135,1 млнт.
Жарықтандыру бойынша сметалық есептер әзірленіп, 23 елді мекендегі 190 шақырымды құрайтын 176 көшеге 6360 бағана орнатылатын болады.
Бүгінгі атаңда ауданда жалпы 1274 көшенің 160 көшесі ғана жарықтандырылған. 2024 жылы 176 көшеге жарық шамдар орнатылса, аудандағы жарықтандыру көрсеткіші 12,5%-дан, 26,3%-ға жетін болады.
Сонымен қатар, 15 мың шаршы метрге 22 көшеге, 15 шақырым аяқ жол салуға – 200 млн.тг, аудан аумағына, 20 қоқыс алаңшасын орнату және орталық көшелерге 200 дана қоқыс жәшіктерін орнатуға – 66,3 млн.тг, аудан аумағында мерекелік безендіруге 130,0 млнт.тг, 9 нысанға ирригациялық жүйелер орнатуға – 443,7 млн.тг. қаралып, жыл ішінде тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Сонымен қатар, Абай ауданы әкімі аппаратына қарасты «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы атқаратын жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда: 10 мазаратты күтіп ұстау, 107 ауланы тазалау, 1194 ішкі орамдық көшелердің санитарлық тазалығы, 80 орталық көшелерде және 7 көп қабатты тұрғын үйде орналасқан жарық диодты безендірулер мен элеметтерді күтіп ұстау, балалар және спорт алаңшаларын, аяқ жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын атқаратын болды. Аталған жұмыстарға 284 адам және 30 арнайы техника жұмылдырылатын болады.
