РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 100 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ

Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 үй,  205 көп қабатты тұрғын үйде 257,7 мың халық орналасқан. Сонымен қатар, 1274 көшемен 230 әлеуметтік нысандар бар.

Бүгінгі таңда аудан ауыз сумен 100% қамтылған, Электр жарығымен 26 елді мекен қамтылған, ол        96,3% құрайды. Табиғи газбен 23 елді мекен қамтылған ол 85,2% құрайды.

Аудан аумағында ауыз сумен қамтылмаған елді мекендерді толық сапалы ауыз сумен қамту бойынша 2022 жылы 3 елді мекенде ауыз су құрылысының жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Нұршуақ, Ынтымақ-2 және Батыс шағын ауданында.

Нәтижесінде құрылыс жұмыстары аяқталып, ауыз сумен қамту көрсеткіші 96,3 пайызды құрады.

Өткен жылы аудан аумағындағы ауыз сумен қамтылмаған Қайнарбұлақ тұрғын алабында ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып (Жоба құны 7,1 млрд. теңге. Мердігер «Мелиоратор» ЖШС), нәтижесінде ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрады.

Аудан аумағында электр жарығымен қамтылмаған елді мекендерді толық сапалы электр жарығымен қамту бойынша өткен жылы Қаратау ауданынан өткен Қайнарбұлақ және Асар-2 шағын ауданында сапалы электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 1 елді мекенде (Қайнарбұлақ т.а) құрылыс жұмыстары аяқталды. 1 елді мекен (Асар-2 ш.а) 2024 жылға өтпелі. Нәтижесінде 2024 жылы аудан аумағындағы электр жарығымен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайтын болады.

Аудан аумағында табиғи қамтылмаған елді мекендерді толық табиғи газбен  қамту бойынша 2022 жылы 1 елді мекенде (Нұршуақ шағын ауданы) табиғи газ жүйесінің құрылысының жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылы құрылыс жұмыстары аяқталды. Өткен жылы 3 елді мекенде (Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Қайнарбұлақ саяжайы және Ынтымақ-2) табиғи газ жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде табиғи газбен қамту үлесі 98 пайызды құрайтын болды.

Кәріз жүйесіне келсек, 27 елді мекеннің бүгінгі таңда 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған. 2023 жылы 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді.2025 жылға 8 нысанға құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Атап айтқанда: Жайлау, Қатын көпір, Тельман, Ақниет, Қызылжар, Жиделі, Батыс, Ынтымақ. Нәтижесінде 2025 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өседі.