РУС ENG
4 ноября, 2026

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІНДЕ ҚАРТТАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

 Бүгін мегаполисте 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай, бірқатар іс-шара өткізілді.
 Соның бірі № 10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қайырымды жандардың демеушілігімен ардагерлерге мерекелік концерт ұйымдастырылды.
 Мерекелік бағдарламада № 65 мектеп гимназиясының оқушылары мен М. Әуезов атындағы ОҚУ студенттері өнер көрсетті. Салтанатты іс-шарада ән шырқалып, күй орындалды.
 Мерекелік кеш соңында «Кәусар» шайханасы ардагерлерге арнап қайырымдылық дастарқанын жайды. Ал қазыналы қариялар өнер көрсеткен жастар мен демеушілерге ризашылықтарын білдірді.
 Айта кетейік, биыл қалада Наурызнама он күнге жоспарланып, әр күнге мерекелік сипат берілді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі