РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

🔷 Бокстан Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасына жолдама алды. Жерлесіміз Италия елінің Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирде 57 келіде өнер көрсетті.
🔷 Махмұд Сабырхан алғашқы айналымда Эфиопия спортшысы Ядеса Лета Фикремариамды 5:0 есебімен жеңді. Екінші жекпе-жегінде тайландтық Саравут Суктхетпен келесі кезеңді сарапқа салды. Кездесу тартысты өтіп, отандасымыз 3:2 есебімен айласын асырды.
🔷 Махмұд 1/8 финалда пуэрто-риколық Паган Калеб Жосие Тирадоны айқын басымдықпен (5:0) ұтты. Шешуші айқаста тәжікстандық Асрор Вохидовпен жолы түйісті. Шаршы алаң төрінде жерлесіміз сериялық соққыларымен ерекше көзге түсіп, 4:1 есебімен жарқын жеңіске жетті.
🔷 Әлемдік іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасынан жалпы 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) бақ сынады. Оның ішінде Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) жолдаманы қоржынға салды.
🔷 Айта кетейік, Олимпиадаға келесі іріктеу турнирі 23 мамыр мен 3 маусым аралығында Таиландтың Банкгок қаласында өтеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі