ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДА КӘСІП АШУҒА НИЕТТІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
– Түркістанда бизнес ашуға келген жеке кәсіпкерлер өз істеріне аса жауапкершілікпен қараса игі. Мемлекеттен жерін алып, бастаған істі орта жолдан аяқтаусыз қалдыруға жол берілмейді. Түркістанның әрбір нысаны талапқа сай болуы тиіс. Басталған құрылыс мерзіміне сәйкес уақытта аяқталуы қатаң бақылауда болады. Құрылыс пен абаттандыру жұмыстары үйлесімді атқарылуы тиіс Құрылыс саласының соңғы технологиялары қолданылған жөн, – деді Дархан Сатыбалды.
«Әкімшілік-іскерлік орталығы мен мәдени-рухани орталық маңындағы барлық жобалар тұрақты бақылауда. Жиында ұсынысын таныстырған кәсіпкер Түркістан қаласында автосалон салуға ниетті. Жоба іске асқан жағдайда 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кәсіпкер араға уақыт салып, кәсібін ұлғайтуды көздейді.
Енді бір жоба – сауықтыру орталығы. Кәсіпкер оның сыртқы келбетіне ерекше мән беріп, абаттандыруына атсалысатын болды. «Жаңа қала» аумағында құрылысы басталған 9 қабатты 7 көпқабатты тұрғын үй кешенінің қастебіне қатысты бірнеше үлгі ұсынылды. Мамандардың ұсыныстары тыңдалды. Баспаналардың қасбеті ұлттық нақышта безендірілуі тиіс.
Сонымен бірге отырыста модульді үйлер салу, жекеменшік емхана салу, спорт кешенін салуға ниеттілер өздерінің жобаларын таныстырды. Жиынды қорытындылаған Дархан Сатыбалды әрбір жоба тереңінен зерделеніп, екі тарапқа да ұтымды шешім шығарылу керектігін айтты
