🔸Үкімет басшысы «Шеврон» компаниясын қазақстандық өндірушілерден тауарларды сатып алу үлесін арттыруға шақырды
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Шеврон» компаниясының еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесспен кездесті. Тараптар жаңа өндіріс нысандарын іске қосуды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтуды, мұнай-газ саласы мен мұнай химиясын дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанда әлеуметтік жобаларды іске асыру барысын талқылады.