РУС ENG
13 января, 2025

МОДЕРНИЗАЦИЯ: БИЫЛ 38 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕЛЕДІ

🔷 Бағдарлама аясында тұрғындар күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қайтарымды қаржыны пайызсыз төлейді.
🔷 Жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес жүргізілетін болады.
🔷 Былтыр қаладағы 37 үйге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Құрылыс барысында тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, кіреберісі мен жертөлелері, қасбеттері жаңартылды.
🔷 Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-не жазбаша өтінім бере алады.
📍Мекен жайы: Республика даңғылы, №12 «А» 3-қабат.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі