РУС ENG
24 июня, 2025

«СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ.

Бүгін, «Ақпараттық коммуникациялық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлеріне «Стресске төзімділік» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар мақсаты: Стресстің адам денсаулығына әсерін түсіндіру, позитивті ойды дамыту, тренинг — жаттығулар арқылы стресстен арылту.
Белгілі психилог-маман, «ReFrame» тұлғалық дамыту орталығының директоры *ВЕРОЦКАЯ Гүлжан Ералықызы* мекеме қызметкерлеріне стресстің ұзақ мерзімді әсері туралы бірнеше зерттеулер көрсетіп, тұлғаның жеке басының стресске төзімділік тұжырымдамасын ажырату, эмоцияны басу, депрессия және мазасыздық сияқты психологиялық дағдарыстан шығу жолдарына кеңес берді.
Семинар-тренингте қызметкерлер өмірге деген құлшынысты арттыруға, сенімдік, жігерлі қасиеттер дамытуға, дағдарысқа төзе білуде қажетті кеңестер алғандарына алғыстарын білдірді.