РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТТЕ ZHASYLSYM.KZ ЖАСЫЛ ЕКПЕЛЕРДІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ПЛАТФОРМА ЖҮЙЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қала аумағындағы магистралды көшелердегі жасыл екпелерді түгендеу жұмыстары бюджет қаражатынсыз жекеше әріптестер есебінен жүргізілді. Қаламызда жасыл екпелердің автоматтандырылған платформа жүйесі zhasylsym.kz құрылып, жасыл екпелер қорын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Онда жасыл екпелердің түрі, диаметрі, биіктігі, жай-күйі интерактвті картада орналастырылған.
Жобаға сәйкес, қала аумағындағы барлық (магистралды көше, ішкі орам көшелері, көпқабатты тұрғын үй аулалары, жеке секторлар) ағаштары саналып, тізімі жасалынады. Қазіргі таңда, 443 магистралды көшелердегі ағаштар толық саналып, zhasylsym.kz платформасына енгізілді.
Сонымен қатар, қаладағы орталық көшелердегі тазалық жұмыстарына мердігер мекемелер тарапынан 2500 ге жуық жұмысшы, 150 арнайы техника жұмылдырылған.
Орталық көшелер маңыздылығына қарай 3 санатқа бөліп тазартылды.
I санаттағы көшелер 67 көше (Абай ауд.-12 көше, Әл-Фараби ауд.-14 көше, Еңбекші ауд.-12 көше, Қаратау ауд.-14 көше, Тұран ауд.-15 көше.).
II санаттағы көшелер 157 көше (Абай ауд.-31 көше, Әл-Фараби ауд.-35 көше, Еңбекші ауд.-30 көше, Қаратау ауд.-24 көше, Тұран ауд.-37 көше.),
III санаттағы көшелер 219 көше (Абай ауд.-37 көше, Әл-Фараби ауд.-60 көше, Еңбекші ауд.-41 көше, Қаратау ауд.-37 көше, Тұран ауд.-44 көше.).
Қаланың орталық көшелерін тазарту жұмыстарына төмендегі негіздемелерге сәйкес ұйымдастырылуда:
1. Тазалық жұмыстарын жаз айларында екі ауысымнан үш ауысымға ауыстыру (I ауысым 06:00-12:00, II ауысым 12:00- 18:00, III ауысым 18:00-00:00) арқылы қаланың санитарлық тазалау жұмыстарын күшейту.
2. Ауа райының жауын шашын күндері ирригациялық арықтарының су өткізгіш қабілеті төмендеп, жекеленген жерлерде су жиналуын болдырмау мақсатында әр ауданда мердігер мекемелермен 20 адамнан құралған ирригациялық тазалау тобы құрылып, аталған топ қала аумағындағы ирригациялық жүйелердің жай күйлеріне зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
3. Әр мекеме тарапынан орталық көшелерді тазалауға әр ауданда 50 адамнан тұратын бригадалар құрылып, халық көп жүретін қоғамдық орындар мен аялдамаларды, жол жиектерінің тазалығын тұрақты қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда.
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы