РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕР МЕН КӨГАЛДАР АВТОМАТТЫ ЖҮЙЕЛЕР АРҚЫЛЫ СУҒАРЫЛАДЫ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ә.Оңғар Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында айтты.
«2023 жылы қала аумағындағы жасыл желектер мен көгалдарды суғару мәселесін шешу мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 111 су ұңғымасы қазылып автоматты суғару жүйелері жүргізіліп, сорғы құрылғылары орнатылды. Сондай-ақ, мердігер мекемелермен күзгі ағаш отырғызу маусымына орай 2023 жылы 51 348 дана жай жапырақты, 9 586 дана қылқан жапырақты ағаш көшеті отырғызылды. Отырғызылған ағаш көшеттерінің биіктігі бойынша жай жапырақты ағаш көшеттері 3,5-4 метр құраса, ал қылқан жапырақты ағаш көшеттерінің биіктігі 2-2,5 метрді құрайды»,- деді спикер.
Бүгінде Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты қала аумағында 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар.
Көшелердің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын 5 мемлекеттік-жекеше әріптес атқаруда.
Қысқы маусымға мемлекеттік-жекешелік әріптес тарапынан 155 арнайы техникасы жұмылдырылды. 2022 жылмен салыстырғанда қар күреуге арналған техникалар саны 87 данаға көбейді.
Жалпы инертті материалдар қорына келер болсақ, 31594 текше метр құм, 6690 тонна тұз әзірленіп, қаланың тазалық жұмыстарына жауапты жекеше әріптестердің базаларына жеткізілді. Бүгінде арнайы техникалардың қар күреу жұмыстары бойынша әр ауданда қар күреу бағыттары әзірленіп, бекітілді.
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы