РУС ENG
24 июня, 2025

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 273 ЖАСҚА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

🔷 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қалада өткен жылдан бастап кәсіп бастауға бет бұрған, бизнесін өркендеткісі келген жастарға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріле бастады. Бағдарламаға қатысу үшін 2023 жылы 500-ге жуық жастан өтінім түсіп, оның ішінде 263 үміткер шағын несиеге қол жеткізді. Микрокредит алып, кәсіп бастаған жастардың дені қызмет көрсету, сауда және жеңіл өнеркәсіп салаларымен қатар, малшаруашылығын қамтыды.
🔷 Биыл жастардың кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 273 қатысушыға несие беру жоспарланып отыр. Жас буынның бизнес жобасын арнайы құрылған комиссия өкілдері саралайды. Бұл ретте бизнес жобалардың өзектілігі, экономикалық негіздемесі, қоғамдық маңыздылығы, іс-қимыл жоспары бағаланады.
🔷 Кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Бұл орайда қатысушылардың «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на өтінім білдіргендегі жасы ескеріледі. Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, бұл микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
🔷 Жастарға микрокредит беру бойынша толығырақ ақпарат және жиі қойылатын сұрақтармен «https://www.agrocredit.kz» сайтында танысуға болады. Өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалына тапсыру қажет.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі