РУС ENG
24 июня, 2025

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 52 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

🔷 Қалада 2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,6 трлн теңгеге 224 инвестициялық жобаның пулы жасақталды. Нәтижесінде, жаңадан 33 мыңнан аса жұмыс орны ашылады.
🔷 Ал 2024 жылы жалпы құны 257 млрд теңгеге 5 432 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 52 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
🔷 Былтыр құны 102 млрд теңгені құрайтын 46 инвестициялық жоба іске асырылып, 2 357 жаңа жұмыс орны ашылды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі