
Сонымен қатар Президентке Шымкент қаласының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары баяндалды. Атап айтқанда, қалада жаңа әуежай терминалының құрылысы және теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, Шымкентте «Ізетті зейнеткер» сауықтыру орталығы, Конгресс холл, Үстел теннисі кешені және жаңа ипподром нысандары бой көтерген. Былтыр үш мектепке қосымша ғимарат, Оқушылар сарайы және балаларға арналған шығармашылық орталық пайдалануға берілген. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 28 мың оқушыға арналған 18 білім беру мекемесінің құрылысы басталған.