ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық – заман талабы» тақырыбында Саз колледжі мен Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі жастары арасында Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманының қатысуымен кездесу өтті.
Мақсаты — жастарды деструктивті діни идеология ықпалынан сақтау, дін мен дәстүрімізді жаңғырту болып табылады.
Қазіргі таңда діни сауаттылық – заман талабына айналды. Себебі, қоғамда Ислам дінін бұрмалаушылар қатары артып келеді. Бұл – ертеңгі ұл болашағы үшін өте қауіпті. Тіпті әлеуметтік желілердегі дінге қатысты ақпараттарды өзге достарыңызбен бөліспес бұрын оның ақ пен қарасын ажыратып алу қажет, — деді теолог маман.
Кездесу соңында теолог маманы жастармен кері байланыс орнатып, сұрақтарына жауап берді.
