Қазақстан мен Қытай ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде
Вице-министр Дархан Ахмед-Заки бастаған қазақстандық делегация Қазақстан-Қытай ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 10 отырысына қатысты.
Отырыста делегация басшылары Қазақстан мен Қытайда жүргізіліп жатқан ғылыми-техникалық, инновациялық даму саласындағы саясат туралы ақпаратпен алмасып, ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастық бағыттары бойынша ұсыныстарды талқылады.
