ЕКІНШІ ҚАРАШАДАН БАСТАП ҚАЗЫБЕК БИ, ДУЛАТИ КӨШЕЛЕРІНІҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРЕДІ
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Жол қозғалысын оңтайландыру және көлік кептелісін азайту мақсатында Дулати көшесі мен Қазыбек би көшесінде көлік қозғалысының бағыты 2-ші қарашадан бастап өзгереді.
Яғни,
➖Дулати көшесімен келе жатқан көліктер Иляев көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін бір бағытта жүреді.
( Иляев➡️Рысқұлов)
➖Қазыбек би көшесімен келе жатқан көліктер Рысқұлов көшесінен Тәуке хан даңғылына дейін бір бағытта қозғалады.
(Тәуке хан⬅️Рысқұлов)
Қазіргі таңда, көше бойына тиісті жол белгілері қойылып, жол таңбалары сызылды.
