РУС ENG
4 ноября, 2026

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
27-28 қазан күндері таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Көрме» орталығында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтеді.
Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат — отандық өнім өндірушілердің өнімдерін кеңінен насихаттап, жаңа серіктестер табуға, тиімді келісімдер жасауға мүмкіндік туғызу.
Көрмеде тоқыма, фармацевтика, машина жасау, жиһаз, химия, тамақ өнеркәсібі және құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнімдері ұсынылады.