РУС ENG
4 ноября, 2026

СЕНБІЛІК БАДАМДА ЖАЛҒАСАДЫ

Ертең, 28 қазан күні «Таза қала өзіңнен басталады» акциясы аясындағы жалпықалалық сенбілік Еңбекші ауданы, Бадам-1,2 елдімекендері және Бадам өзені аумағында жалғасады.
Кезекті сенбілікте құрылымдық басқармалары мен аумақтық орган қызметшілері бекітілген кестеге сәйкес тазалық шараларын жүргізеді.
Қоршаған ортаның ластануына жол бермейік. Қаланың тазалығы – сіз бен біздің қолымызда!
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі