Шымкенттегі «Назар Текстиль» ЖШС — жылына 2,3 млн шаршы метр өнім өндіруге қауқарлы. 2014 жылы іске қосылған кілем және кілем бұйымдарын шығаратын фабрика «Оңтүстік» АЭА аумағындағы орналасқан.
Фабрикада 100-ге жуық азамат жұмыс істейді. Заманауи қондырғылармен жабдықталған.
Кәсіпорын өнімдері ішкі нарықты сұранысқа қарай толықтай қамтып отыр. Экспорт көлемі де ұлғайған.
Фабрика іске қосылған кезеңнен бастап 5,2 млрд теңгенің өнімін өндірсе, экспорт көлемі жылына 120 млн теңгені құрап отыр.
Кәсіпорын өнімдері Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне экспортталады.