РУС ENG
4 ноября, 2026

ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ ТАЛ ЕГІЛДІ

Шымкентте Әз Наурыз мерекесі аясында 19 наурыз – Жаңару күніне орай тал егілді. Ағаш отырғызу «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде Еңбекші ауданы аумағында өтті.

Игі іске аудан әкімдігінің өкілдері, жастар, құрылыс компаниясының ұжымы және тұрғындар белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау және көгалдандыруға үлес қосты.

«Blike Construction» құрылыс компаниясының демеушілігімен көшеттер ұсынылып, Еламан шағынауданында егілді.

Бұл бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, жасыл желек қорын арттыруға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.