РУС ENG
4 ноября, 2026

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН ТІРКЕУГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу, есепке алу және ветеринариялық бақылауды жеңілдету мақсатында tort tulik mobile» мобильді қосымшасы әзірленді. Ол мал иелері мен ветеринариялық қызмет мамандарына арналған.

Қосымша төрт түлік туралы барлық мәліметті бір жүйеге жинақтауға мүмкіндік береді, малды тіркеу және деректерді жаңарту процесін жеңілдетеді, қағаз құжат айналымын азайтады және мал иелері мен мемлекеттік органдар қызметкерлері арасындағы байланысты жақсартады. Сонымен қатар, ветеринариялық бақылауды күшейтіп, мал ауруының алдын алуға көмектеседі.

«Төрт түлік» мобильді қосымшасын Play Market (Android) және App Store (iOS) платформаларынан тегін жүктеуге болады.

Қосымша арқылы ауыл шаруашылығы жануарлары туралы толық ақпаратты қарап, малды тіркеуге және есепке алу деректерін енгізуге болады, жануарлардың ветеринариялық жағдайы туралы мәліметтерді көріп, сәйкестендіру нөмірлері мен тіркеу деректерін тексеруге мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, ветеринариялық қызметке қатысты ақпарат пен анықтамалар алуға, малды сату бойынша өтінім беруге болады.

Қосымша ақпарат: 77-89-29, 77-89-39.