КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖАҢАРТЫЛУДА
Шымкент қаласында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2025 жылы қала бойынша 26 көпқабатты үй толық жаңартудан өтті. Оның ішінде Әл-Фараби ауданында – 20, Еңбекші ауданында – 2, ал Тұран ауданында – 4 тұрғын үйдің қасбеті жөнделіп, шатырлары ауыстырылды.
Сонымен қатар, үйлердің кіреберістері ретке келтіріліп, бастырмалар орнатылып, кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Биылғы жылы да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 15 көпқабатты тұрғын үйдің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жасалуда. Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданында – 9, Еңбекші ауданында – 4, Тұран ауданында – 2 үй қамтылған.
Айта кету керек, тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары тұрғындардың қайтарымды қаражаты есебінен жүзеге асырылып, жобаны «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС атқаруда.
