РУС ENG
4 ноября, 2026

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Шымкент қалалық №3 аурухананың бас ғимараты күрделі жөндеуден өтуде. Құрылыс аурухана ұжымы мен мердігер ұйым тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес атқарылуда.

Күрделі жөндеу бойынша «Строй-проект-инвентаризация» ЖШС әзірлеген жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Ал құрылыс-монтаж жұмысын «НКО» ЖШС 2025 жылдың қазан айында бастады.

Айта кетейік, медициналық мекеменің іргетасы 1986 жылы қаланған. Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық ауруханасы 2018 жылы Сайрам тұрғын алабының Шымкент қаласына қосылуына байланысты қайта құрылып, қалалық №3 аурухана мәртебесін алды.

Бүгінде аурухана көпсалалы медициналық көмек көрсететін мекеме 263 төсек-орынмен қамтамасыз етілген. Инсульт орталығы, перзентхана, балалар бөлімі, хирургия, гинекология, патология, терапия, жүйке аурулары, жұқпалы аурулар және жансақтау бөлімшелері қызмет көрсетеді.

2025 жылы мұнда 2 683 нәресте дүниеге келді.