РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ: ЗАМАНАУИ ШЕШІМДЕР МЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ

Шымкент қаласында білім беру саласын цифрландыру бағытында жүйелі және ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қала мектептері мен білім беру ұйымдарына бірқатар заманауи цифрлық платформалар енгізіліп, олардың жұмыс істеу тетіктері кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, «Айқын» жобасы, «SANA» тарификациялау базасы, «Balabaqsha» электронды балабақша жүйесі, «PANA» инклюзивті білім беру платформасы және «Qosymsha» қосымша білім беруге арналған бірыңғай мемлекеттік тапсырыстарды басқару жүйесі ұсынылды.

Негізгі жобалардың бірі – «Айқын» жүйесі мектептердегі интернет сапасын бақылауды, видеоаналитика жүйесінің тиімді жұмысын және орталық басқару жүйесіне қосылу процесін қамтиды. Жоба аясында қарулы қауіп, өрт немесе өзге де төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет ету мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар «Айқын» жобасының құрамдас бөлігі болып табылатын Alaqan арқылы тамақтану жүйесі де табысты іске асырылуда. Бұл шешім мектептердегі тамақтану шығындарының ашықтығын қамтамасыз етіп, қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді. Жобаның небәрі 4 ай ішінде іске асырылуы нәтижесінде 538,5 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Шымкент қаласында білім беру саласын цифрландыру бойынша жинақталған тәжірибе бүгінде өзге өңірлер тарапынан ерекше қызығушылық тудыруда. Бұл өңірлер арасында тиімді тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірыңғай мемлекеттік тапсырмаларды басқарудың заманауи және тиімді үлгілерін енгізуге жол ашатын маңызды қадам болып табылады.