РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ: GOVTECH «AGENT SMITH» ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АГЕНТТЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА ЕНГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында мемлекеттік басқаруды цифрландыру және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында заманауи GovTech «Agent Smith» платформасы мен жасанды интеллект агенттерін енгізу жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл бастама мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысын жеңілдетіп, басқару процестерінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

«Agent Smith» цифрлық ассистенті хаттамалық тапсырмалар мен азаматтардың өтініштерін өңдеуді автоматтандырып, адам факторын азайтуға мүмкіндік береді. Әкімнің қала аумағын аралау барысында берген тапсырмалары жүйе арқылы автоматты түрде тіркеліп, олардың орындалу барысы нақты уақыт режимінде бақыланады. Бұл басқарушылық шешімдердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, жүйе аудиожазбаларды мәтінге айналдыру функциясын іске асырып, жиналыстар мен кездесулердің қорытындыларын жедел ресімдеуге жағдай жасайды. Нәтижесінде құжат айналымы жеделдеп, қызметкерлердің уақыттық жүктемесі едәуір қысқарады.

Қазіргі таңда жасанды интеллект агенттерін енгізу бойынша техникалық және ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде. Жүйе серверлерге орнату кезеңінде, алдағы уақытта ол қалалық атқарушы органдардың күнделікті қызметіне кезең-кезеңімен енгізіледі деп жоспарлануда.

Аталған цифрлық шешімдер мемлекеттік басқаруда ашықтықты, бақылауды және жеделдікті арттырып, азаматтардың өтініштеріне жедел әрі сапалы жауап беруге мүмкіндік береді. GovTech бағытындағы бұл қадам Шымкент қаласының «ақылды қала» қағидаттарына сай дамып келе жатқанын көрсетіп, мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа сапалық деңгейіне жол ашады.