РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы 2025 жылы да қала аумағын тиімді пайдалану, жер қатынастары саласындағы ашықтық пен жүйелілікті қамтамасыз ету бағытында жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді. Бекітілген штаттық құрылымға сәйкес басқармада 28 мемлекеттік қызметкер қызмет атқарып, жобалық кеңседе белгіленген бюджет және I-komek индикаторлары бойынша жұмыстар уақытылы орындалуда.

Қала аумағының жалпы көлемі 116 280 гектарды құрайды. Ол Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші және Тұран аудандарына бөлінген. Жер балансына сәйкес, қала кеңістігі тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық және өзге де аймақтарға жіктелген. Оның ішінде тұрғын үй аймағы 11 мың гектардан асады, ал коммерциялық мақсаттағы жерлер 17 963 гектарды құрайды. Бұл көрсеткіштер Шымкенттің урбанистік дамуы мен жер ресурстарын жоспарлы пайдаланудың маңызын көрсетеді.
Бюджет игеру көрсеткіштері де оң нәтиже беріп отыр. 2025 жылға басқармаға жергілікті бюджеттен 7,9 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылып, 11 айдың қорытындысымен оның 96,3 пайызы игерілген. Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қою және жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бағытындағы қаржы толық әрі мақсатты пайдаланылған. Жыл соңына дейін барлық қаражаттың 100 пайыз игерілуі жоспарланып отыр.
Жер қатынастары саласында тұрғындармен кері байланыс та тұрақты бақылауда. 11 айда басқармаға 7 мыңнан астам кіріс хат тіркеліп, олардың басым бөлігіне уақтылы жауап берілген. Сонымен қатар, басқарма көрсететін 9 мемлекеттік қызмет бойынша 38 мыңнан астам өтінім қабылданып, өңделді. «I-komek» бірыңғай байланыс орталығы арқылы түскен арыз-шағымдар да назардан тыс қалмай, әрқайсысына тиісті жауаптар жолданған.