РУС ENG
4 ноября, 2026

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: ШЫМКЕНТТЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ КЕҢЕЙТІЛУДЕ

Шымкент қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар маңызды шаралар қолға алынды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметтері бойынша, 2023 жылы қалада жалпы 1 425 бейнекамера орнатылған. Оның ішінде ОВН желісіне 1 200 камера, ЛУ желісіне 252 камера енгізілді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасы 2025 жылы 3 000 камера орнатуды жоспарлап отыр. Жоспар бойынша, ОВН желісінде 2 525 камера, ЛУ желісінде 175 камера, ал қиылыстарда 300 камера жұмыс істейтін болады.

Жүйе қамтитын негізгі нысандарға қала әкімінің хаттамалық тапсырмалары, стихийлік полигондар, саябақтар, Экономикалық тергеу департаменті, сондай-ақ қала тұрғындарының e-otinish жүйесі арқылы жіберген өтініштері кіреді.

Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекеме анықталып, бекітілген мекенжайларға зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Қажетті жабдықтар жеткізуші тарапынан толық жеткізілді.

Шымкент қаласында бейнебақылау жүйесін кеңейту жұмыстары қоғамның қауіпсіздігін арттыруға, құқық бұзушылықты болдырмауға және қала тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

#Шымкент #ҚоғамдықҚауіпсіздік #Бейнебақылау #Полиция #Цифрландыру #ҚалалықЖаңалықтар