РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТАҒЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында білім беру ұйымдарының цифрлық инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, орта білім беру ұйымдарын жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтамасыз ету және оның сапасын тұрақты бақылау басты назарда.

2024 жылы қаладағы 147 мектеп 100 Мбит/сек-тен төмен емес жылдамдықтағы интернет желісіне қосылды. Бұл көрсеткіш алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 3 білім беру ұйымына артқан. Сонымен қатар, интернет сапасын қашықтықтан бақылауға мүмкіндік беретін арнайы мониторингтік қосымша жүйе енгізіліп, барлық қосылған мектептер осы жүйеге қамтылды. Бұл интернет желісінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және ақауларды жедел анықтауға мүмкіндік береді.

2025 жылы аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, нәтижесінде 150 орта білім беру ұйымы 100 Мбит/сек жылдамдықтағы интернет желісіне қосылады деп жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мектепке артық. Жобаның жүзеге асырылуы білім беру процесінің сапасын арттыруға, цифрлық білім ресурстарын тиімді пайдалануға және оқушылар мен педагогтердің заманауи технологияларға қолжетімділігін кеңейтуге ықпал етеді.

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы алдағы уақытта да білім беру саласындағы цифрлық мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыра бермек.

#ҚоғамдықWiFi
#Цифрландыру
#БілімБерудіДамыту
#ИнтернетСапасы
#Шымкент