РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ: ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Шымкент қаласында индустриялық аймақтар өндірістік әлеуетті арттырудың және инвестиция тартудың маңызды тетігі болып табылады. Индустриялық аймақтарда жаңа өндірістерді орналастыру арқылы өңдеу өнеркәсібі дамып, импортты алмастыру, экспортты ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, жаңа технологиялық жобалар жүзеге асуда.

Қалада жалпы аумағы 1 276 га құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 716,9 млрд теңгеге 445 жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде, бүгінгі таңға 337 млрд теңгені құрайтын
318 жоба іске асырылып, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Соның ішінде биылғы жылғы ірі жобаларға тоқталсақ, алдымен орталық Азияда теңдесі жоқ «QazAlpack» компаниясы өндіретін «Алюминий банкілері өніміне» сұраныс артып отыр. Бүгінде экспорт көлемінің ұлғаюына байланысты құны 30 млрд теңгені құрайтын жобаның 2-ші кезеңі іске қосылды. Зауыт жылына 2,2 млрд дана алюминий банкілерін шығарады. Онда 112 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Сол сияқты, құны 7,8 млрд теңгеге «Sauran Bricks» компаниясы «Автоклавты газдалған бетон» өндіретін зауыты жобасын іске қосылды. Зауыт жылына 300 мың текше метр газдалған бетон өндіреді. Кәсіпорында 100-ге жуық тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Бүгінге өңдеу өнеркәсібі әлеуетін арттыру үшін 2 өндіріс аймағын құру және қолданыстағы 3 өндіріс аймағын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Бұл аймақтарда 900 млрд теңгені құрайтын 300 инвестициялық жоба іске асырылып, 13 мыңға жуық жұмыс орындары құрылады.

Оның ішінде, Мемлекет басшысының Шымкент қаласында Оңтүстік өңірінде барлық тауарларды қабылдап, жеткізуге логистика жағынан қолайлы «Өңірлік хаб» құру тапсырмасына сәйкес қолданыстағы Сауда-логистикалық орталығын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.