2025 ЖЫЛЫ АЙМАҚТЫ ЦИФРЛАНДЫРУ: ТӨРТ ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
2025 жылы аймақты цифрландыру аясында төрт негізгі пилоттық жоба іске асырылады. Жобалардың барлығы тұрғындарға қызмет көрсетуді жеңілдету, мемлекеттік және техникалық процестерді автоматтандыруға бағытталған.
Бірінші жоба – «Jerleu.kz». Бұл жүйенің мақсаты жерлеу қызметтерін ақпараттандыру және тапсырыс беру процесін бір орталықтан жеңілдету. Жүйе арқылы тазалау, гүлмен безендіру, қазу жұмыстарын онлайн тапсырыс беру, жерлеу орнын белгілеу және қайтыс болғандар туралы ақпарат алу мүмкіндігі қарастырылған.
Екінші жоба – «Бірыңғай кадр жүйесі». Бұл жоба мемлекеттік қызметкерлерге қатысты жұмыстарды автоматтандыруға бағытталған. Жүйе кадрлық құжаттарды бірыңғай базаға енгізу, еңбек өтілі мен тәжірибені автоматты есептеу, сондай-ақ қызметкерлер туралы деректердің ашықтығын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін береді.
Үшінші жоба – төтенше жағдайға осал нысандар мониторингі жүйесі. Жүйенің мақсаты – қауіпті нысандарды басқару және олардың техникалық жағдайын бақылау. Бұл жоба нысан күйін автоматты тіркеуге, сандық мәліметтерге негізделген сараптама жүргізуге және осал нысандар бойынша деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Төртінші жоба құбыр жүйелерінің қалдық ресурсын анықтау (art code). Жобаның негізгі мақсаты құбырлардың тозу деңгейін нақты есептеп, ауыстыруды дұрыс жоспарлау. Жүйе сенімділік талдауын жүргізуге және құбырларды ауыстыруға қажетті уақытты нақты анықтауға мүмкіндік береді. Жоба нәтижесінде қалдық ресурс анықталып, тозған түйіндер тізімі жасалды.
Бұл пилоттық жобалар аймақты цифрландыру жолындағы маңызды қадам болып, қызмет сапасын арттыруға және процестерді тиімді басқаруға ықпал етеді.
#АймақтыЦифрландыру #ПилоттықЖобалар #JerleuKz #БірыңғайКадрЖүйесі #МониторингЖүйесі #ҚұбырЖүйелері #ЦифрлықТрансформация #ТехнологиялықЖобалар
