Шымкентте сүт өңдеу саласы бойынша Франциямен ынтымақтастық нығайып келеді
Шымкент қаласында қала әкімі мен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі арасында кездесу өтті. Келіссөздердің жалғасы ретінде «Shymkent Invest-Front Office» компаниясында сүт өңдеу және сүт өнімдерін өндіру саласындағы Француз сарапшыларының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуге «Kazakh Invest», «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және «Shymkent Invest-Front Office» өкілдері қатысты. Кездесу барысында заманауи технологияларды енгізу, өңдеу қуаттарын кеңейту және сүт секторында жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдау перспективалары қарастырылды.
Сонымен қатар индустриалды аймақтардың инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін және дайын өндірістік үй-жайларды жаңа бастаған кәсіпкерлердің өндірістерін орналастыру үшін пайдалану ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша стартаптар мен сүт өңдеу саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға қолдау көрсетудің кешенді тетіктері мен шешімдерін әзірлеу жөнінде шешім қабылданды.
