ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 2024 ЖЫЛҒЫ ПИЛОТТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2024 жылы Шымкент қаласында қаланы цифрландыру және қоғамдық қызметтердің тиімділігін арттыру бағытында пилоттық жобалар табысты жүзеге асырылды. Жоба төрт негізгі бағыт бойынша іске асырылды.
Біріншісі – Әлеуметтік әмиян (alaqan жобасы), ол 2 мектепте енгізіліп, оқушылардың тамақтану сапасын арттыруға және әлеуметтік көмек қаражатын тиімді пайдалануына мүмкіндік берді; нәтижесінде 95% оқушы күнделікті тамақпен қамтылды.
Екіншісі – Қоқыс жәшігін басқаруды цифрландыру, бұл жүйе қоқыс жиналуын және көлік қозғалысын бақылауға, сондай-ақ QR код арқылы ақпарат алуға мүмкіндік береді; жүйе 88 мекенжайда орнатылып, 52 рет қоқыс алынды.
Үшіншісі – Денсаулық сақтау саласындағы HR трансформациясы, ол кадрлық процестерді цифрлық форматқа көшіру арқылы 2 емханада қызметкерлердің жүктемесін оңтайландырып, деректерді тиімді басқаруға жағдай жасады.
Төртіншісі – Цифрлық комплаенс ассистент, 3 медицина ұйымында қызметкерлердің заң бұзушылықтарын азайтуға бағытталып, 63 тәуекел анықталып, 27 ұсыныс ұсынылды. Барлық пилоттық жобалар Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы тарапынан үйлестіріліп, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеруге бағытталды.
#Шымкент #Цифрландыру #ӘлеуметтікӘмиян #HRТрансформация #ҚоқысБасқару #ЦифрлықКомплаенс #ҚоғамдықҚызметтер
