ТЕМІРДЕЙ ТӘРТІП, БЕРІК ҰСТАНЫМ
Карипбаева Бақыткүл – теміржол саласына 34 жылдық өмірін арнаған тәжірибелі маман. Ол еңбек жолын Қазығұрт станциясында жүктер мен багажды қабылдап-тапсырушы қызметінен бастаған.
Қызметіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіре отырып, бүгінде Текесу станциясында аға тауар кассирі қызметін атқарып келеді.
Бақыткүл Әбиевна – жұмысқа деген тиянақтылығы мен адалдығы арқылы әріптестері арасында үлкен құрметке ие болған жан. Ол үшін теміржол – жай ғана жұмыс емес, бүкіл өмірінің бір бөлшегі. Жүк тасымалының нақты әрі уақытылы орындалуы үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан Бақыткүл ханым – жас мамандарға үлгі боларлық теміржолшы.
