РУС ENG
4 декабря, 2025

Шымкенттегі ХҚКО – цифрлық қызмет көрсетудің жарқын үлгісі!

Мәделі Қожа көшесі, 1Г мекенжайындағы халыққа қызмет көрсету орталығы қайта жаңғыртылып, заманауи техникамен толық жабдықталған. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін орталық бірнеше аймаққа бөлініп, қызмет алу әлдеқайда жеңілдетілген.

«Connection point» аймағында тұрғындар өздігінен қажетті құжаттарды ала алады. Қажет болған жағдайда операторлар электронды үкімет порталы мен ХҚКО мобильді қосымшасын пайдалануды үйретеді.

2024 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша:
100 000-нан астам шымкенттік өзіне-өзі қызмет көрсету секторында мемлекеттік қызмет алды;
29 000 азаматқа жүргізуші куәлігі берілді;
82 000-нан астам автокөлік қайта тіркелді;
Жалпы саны 554 000 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

ЖЖЕ 3.0 жүйесінің енгізілуі жүргізуші куәлігін беру үдерісін жеңілдетіп, қызмет сапасын арттырды.

Барлық орталықтар Kaizen қағидаттарына сүйене отырып, үздіксіз жетілдіру бағытында жұмыс істейді. Шымкентте жалпы 12 ХҚКО, оның ішінде 4 мамандандырылған, көші-қон және кәсіпкерлерге арналған көпфункционалды орталықтар бар.

Цифрлық шешімдер – ыңғайлы, жылдам, қолжетімді!