Шымкент қаласы аумағында Цифрландыру басқармасы тарапынан «Kcell», «Кар-Тел» (Beeline), «Мобайл Телеком-Сервис» мобильді байланыс операторларымен бірлесіп байланыс қызметінің сапасына тексеру жұмыстары жүргізілді.
Исфиджаб тұрғын алабы бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде «Kcell» және «Кар-Тел» (Beeline) байланыс операторларының желілері тұрақты жұмыс істейтіні анықталды. Ал «Мобайл Телеком-Сервис» желісінде ақаулар тіркелді. Аталған кемшіліктерді жою мақсатында, компания 2025 жылы тамыз айында «Kcell» компаниясының базалық станцияларын «шеринг» әдісімен пайдалану арқылы байланыс сапасын жақсарту жоспарлауда.
Жалын тұрғын алабында «Кар-Тел» және «Мобайл Телеком-Сервис» байланыс операторларының желілері тұрақты жұмыс істеуде. Алайда, «Kcell» байланыс желісінде ақаулар анықталды. Қазіргі уақытта аталған оператор тарапынан жаңа базалық станция орнату арқылы байланысты жақсартуды көзделуде.
Достық шағын ауданының жаңа құрылыс аумағында да байланыс қызметінің сапасына тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесінде «Kcell» байланыс операторының желісі тұрақты жұмыс істейтіні белгілі болды. Ал «Кар-Тел» (Beeline), «Мобайл Телеком-Сервис» байланыс желілерінде ақаулар тіркеліп, қазіргі уақытта операторлар тарапынан тиісті түзету шаралары қолға алынуда.
