РУС ENG
24 июня, 2025

🇰🇿🇨🇳Мемлекет басшысы Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады

🔵

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келе жатқанын және болашақта да осы бағыттан айнымайтынын атап өтті.

🔵

Президент маусым айында екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Астанаға келетін ҚХР Төрағасының сапары аясында стратегиялық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері айқындалатынына сенім білдірді.

🔵

Мемлекет басшысы Төраға Си Цзиньпиннің халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына сай әділ әлемдік тәртіпті қалыптастыруды көздейтін жаһандық бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

🔵

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің «біртұтас Қытай» саясатына бейіл екенін растады.

🔵

Лю Цзяньчаоның айтуынша, Қытай Қазақстанды стратегиялық тұрғыдан маңызды серіктес ретінде қарастырады және қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты әріптестігін тереңдетуге ерекше мән береді.

🔵

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.11916:12

Прокомментировать