Шымкент қаласында №171а автобус маршрутының қозғалыс сызбасы өзгертілді

Шымкентте №171A автобус маршрутының сызбасы өзгертіліп, қосымша автобус енгізілді. Бұл өзгеріс қала әкімінің тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңадан ашылған №146 мектепке қоғамдық көлікпен қатынауды қамтамасыз ету үшін жасалды.
Қазіргі уақытта маршрут 11 кестемен қызмет көрсетіп, автобустардың жүру жиілігі 15 минутты құрайды.
Сонымен қатар, биыл қаладағы жолаушылар көлігін дамыту мақсатында барлық тұрақты маршруттардың сызбаларын қайта қарап, оңтайландыру жоспарланып отыр.