РУС ENG
23 марта, 2025

Шымкентте жазушы Қайырғали Медетке арналған рухани кеш өтті

Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында көрнекті жазушы, Қазақстанның құрметті журналисті Қайырғали Медетке арналған рухани кеш өтті. Шығармашылық қауым оның қаламгерлік жолын, азаматтық ұстанымын және әдеби мұрасын терең тебіреніспен еске алды.
Бұл кеш – қарапайым еске алу жиыны ғана емес, қаламгерге деген құрмет пен сағыныштың көрінісі болды. Қайырғали Медет – шындықтың шырақшысы, халықтың мұң-мұқтажын қағазға түсірген шебер қаламгер. Әріптестері мен ізбасарлары оның биік адамгершілігін, өткір ойларын, шынайы қаламгерлік болмысын ерекше ілтипатпен атап өтті.
Кеш аясында жазушының “Өмірімнің өзегі” және “Шалқалап туған ай” атты қос кітабының тұсаукесері өтті. Бұл жинақтар – оның соңғы жылдардағы шығармашылық жемісі, өмірінің мәнін өрнектеген көркем туындылары. Әдебиетсүйер қауым бұл еңбектерді зор ықыласпен қабылдады.