РУС ENG
4 ноября, 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

➤ Мемлекет басшысына жаңғырту жұмыстарынан кейін бас ғимараттың көлемі 10 мың шаршы метрге ұлғайып, 38 мың шаршы метрге жуықтағаны жөнінде баяндалды.

➤ Соның нәтижесінде жаңа арнаулы аудиториялар ашуға мүмкіндік туды. Ауқымды іс-шаралар өткізетін 1100 орындық үлкен концерт залы пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, оқу корпусында академиялық музыкаға арналған камералық зал, дайындық студиялары, студенттер мен өзге де суретшілердің туындылары қойылатын көрме галереялары бар.