2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 59 мыңнан астам қызмет алды

2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 59,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 37 мың оңалтудың техникалық құралдарын, 4,3 мың – ымдау тілі, 17,6 мың – жеке көмекші мен 0,7 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды.