РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкентте Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған садақ ату турнирі өтті

Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған дәстүрлі садақ атудан ересектер арасында ашық турнирде 20 спортшы бақ сынады. Сайысқа Түркістан, Жамбыл облыстары мен Астана қаласынан келген мергендерде қатысты.
Турнир Шымкент қаласының құрама командасын алдағы халықаралық “Азия кубогы” мен қала чемпионатына дайындау мақсатында ұйымдастырылды. Жарысқа “Садақ Шымкент” федерациясы демеушілік етті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Шаһардың садақ ату спортының жаттықтырушысы Жәнібек Құлмырзаевтың айтуынша, бұл турнир спортшылардың шеберлігін шыңдауға және ұлттық спортты насихаттауға үлкен үлес қосады.