РУС ENG
5 декабря, 2024

Жылжымайтын мүлікті тіркеу және сатып алу-сату келісім шарты ХҚКО-да рәсімделеді

Енді жылжымайтын мүлікті тіркеп және сатып алу-сату келісім шартын кез-келген ХҚКО арқылы ресімдеуге болады. Бұрын мұндай қызметті нотариустар көрсететін. Сатып алу-сату келісім шартын орталық маманы арқылы рәсімдеу құны жеке тұлғаларға 8500 теңге, ал заңды тұлғалар үшін – 12500 теңгені құрайды.
 Мәмілені рәсімдеу үшін сатушы мен сатып алушы жылжымайтын мүлік құжаттарымен бірге ХҚКО-ға келуі қажет. Егер екі тарап некеде тұрған жағдайда жұбайларынан нотариус арқылы рәсімделген келісімі талап етіледі. Қызметкер сатып алу- сату келісім шартын 2 данадан дайындайды.
Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 1 жұмыс күнін құрайды. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін төлем прейскурант бойынша жүзеге асырылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі