РУС ENG
4 ноября, 2026

Қаладағы мектептерді жаңа модификацияланған пән кабинеттермен қамту үлесі 85%-ға дейін артты

Шымкент қаласындағы мектептерді заманауи технологиялармен және жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықтау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда қала мектептеріндегі пән кабинеттерінің 85%-ы жаңартылған кабинеттермен жабдықталған. Жалпы 1 166 пән кабинетінің 992-сі қазіргі заман талабына сай жаңғыртылды.

2023 жылы білім беру саласында нақты жетістіктерге қол жеткізілді: 153 пән кабинеті орнатылды, оның ішінде 9 кабинет – химия пәні бойынша, 21 кабинет – физика пәні бойынша, 16 кабинет – биология пәні бойынша, 43 кабинет – STEM-технологиялар, 16 кабинет – робототехника, 42 кабинет – алғашқы әскери дайындық (АӘД), 6 кабинет – логопедиялық қажеттіліктерге арналған. Сонымен қатар, 299 интерактивті панельдер орнатылды, бұл оқытудың интерактивті әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.

2024 жылға білім инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеру жоспарланған. Алдағы жылы жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықтау жұмыстары жалғасады. Бұл мақсаттарға 3 979,2 млн теңге қарастырылып, 214 жаңа кабинет орнату жоспарлануда, олардың ішінде: 16 кабинет – химия, 20 кабинет – физика, 20 кабинет – биология, 11 кабинет – STEM, 23 кабинет – робототехника, 19 кабинет – АӘД, 10 кабинет – логопед, 14 кабинет – математика, 25 кабинет – география, 18 кабинет – тарих, 8 кабинет – ағылшын тілі, 12 кабинет – қазақ тілі, 2 кабинет – информатика, 16 кабинет – еңбек пәндері бойынша. Сонымен қатар, 831 интерактивті панельдер, 71 компьютерлік құрылғы, 513 принтер, 4 697 парта, 3 536 орындық және 7 кітапхана сөресін орнату көзделуде.

Бүгінде бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу процедуралары басталып, білім беру инфрақұрылымын нығайтуға қадамдар жасалуда. Жаңа кабинеттердің іске қосылуымен қала мектептерінің заманауи жабдықтармен қамтылу үлесі 90%-ға дейін артады.

Шымкент қаласының білім беру саласын цифрландыру жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Интерактивті панельдер мен компьютерлік құрылғылардың кеңінен қолданылуы оқыту процесін жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік береді. Жаңартылған кабинеттердің арқасында оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға, инновациялық технологияларды меңгеруге жағдай жасалады.

2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының білім беру саласына қатысты мақсаттары толық орындалуда. 2023 жылы белгіленген 13 негізгі көрсеткіштің 100%-ға орындалуы осының айқын дәлелі. Бұл көрсеткіштер қаланың әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды бөлігі саналатын сапалы білім беру жүйесін құруға ықпал етеді.

Қаланың білім беру жүйесі бойынша атқарылған жұмыстар Шымкенттің тек республика деңгейінде емес, халықаралық аренада да бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді. Бұл жетістіктер оқушылар мен ата-аналар тарапынан жоғары бағаланып, болашақта одан да үлкен нәтижелерге жетуге негіз болады.

Шымкент қаласының білім беру саласында осындай жүйелі қадамдар жасау арқылы, біз келешек ұрпаққа сапалы білім беру мүмкіндігін қамтамасыз етеміз.