РУС ENG
4 ноября, 2026

Әл-Фараби ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерді абаттандыру және инфрақұрылымын жаңарту: 2024 жылға арналған жобалар

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайын жақсарту және қала көркін айшықтау мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Тұрғын үйлердің сыртын жөндеуден бастап, муралдар салу, қасбеттерін жарықтандыру және лифт жүйелерін жаңартуға дейінгі бірқатар шаралар жоспарланып, іске асырылуда. Бұл жұмыстар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және эстетикалық көріністі жақсартуға бағытталған.

Әл-Фараби ауданында 32 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары бірыңғай сәулеттік пішін беру және тұрғын үйлердің ұзақмерзімді беріктігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін тұрғын үйлердің негізгі тізімі:

  • Ғ.Иляев көшесі: №17, №31 үй
  • Б.Момышұлы көшесі: №3, №4, №5, №7, №9, №18 үй
  • А.Байтұрсынов көшесі: №9 үй
  • Әл-Фараби алаңы: №1А, №2 үй
  • Тәуке хан даңғылы: №7, №32, №47, №37, №41, №60, №62 үй
  • Асқаров көшесі: №3, №5, №7 үй
  • Т.Айбергенов көшесі: №1Г, №4, №6, №8, №10 үй
  • А.Жангелді көшесі: №1 үй

Аудан бойынша 7 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жоспарланған. Бұл жұмыстарға үйлердің құрылымдық элементтерін нығайту және заманауи материалдармен жаңарту кіреді. Күрделі жөндеуден өтетін үйлер:

  • Ә. Жангелдин көшесі: №12/Б
  • Күншығыс шағын ауданы: №18 және №112 үйлер
  • Т. Айбергенов көшесі: №1/Б
  • Теріскей шағын ауданы: №67
  • Ж. Ташенов көшесі: №77
  • Ғ. Иляев көшесі: №22

Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында 6 көпқабатты үйдің 12 лифтісі ауыстырылады. Лифт жүйесінің жаңартылуы тұрғындардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын арттырады. Лифт жаңарту жүргізілетін үйлер:

  • В.Терешкова көшесі: №50
  • Қарасу шағын ауданы: №14
  • Д.Қонаев даңғылы: №63
  • Желтоқсан көшесі: №17/А, №17/Б
  • Т.Айбергенов көшесі: №1/Г

Қаланың эстетикалық келбетін жақсарту және тұрғындарға жағымды орта құру мақсатында 8 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне мурал салу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Бұл шаралар қала келбетін заманауи көркемөнер элементтерімен байыта отырып, тұрғындар мен қала қонақтарына эстетикалық әсер сыйлайды. Мурал салынған үйлер:

  1. Ерімбетов көшесі, №30 – 1988 жылы салынған, 20 пәтер, 5 қабат
  2. Жангелдин көшесі, №1 – 1975 жылы салынған, 66 пәтер, 5 қабат
  3. Ерімбетов көшесі, 7А – 1990 жылы салынған, 36 пәтер, 9 қабат
  4. Теріскей шағын ауданы, №2 – 1986 жылы салынған, 45 пәтер, 5 қабат
  5. Жангелдин көшесі, №3 – 1973 жылы салынған, 48 пәтер, 5 қабат
  6. Тоқаев көшесі, №14 (Ордабасы алаңы жақ бетінде) – 1977 жылы салынған, 40 пәтер, 5 қабат
  7. Тоқаев көшесі, №14 – 1977 жылы салынған, 40 пәтер, 5 қабат
  8. Күншығыс шағын ауданы, №90 – 1973 жылы салынған, 48 пәтер, 5 қабат

Қаланың түнгі келбетін көріктендіру және қауіпсіздігін арттыру мақсатында 16 көпқабатты үйдің қасбетін жарықтандыру жобасы жүзеге асырылуда. Жарықтандыру жұмыстарын жүргізу арқылы кешкі және түнгі уақытта қаланың көркін ашуға мүмкіндік беріледі.

  • Республика даңғылы бойында: 12 үй
  • Тәуке хан даңғылы бойында: 3 үй
  • Байтұрсынов көшесі бойында: 1 үй

Бұл жұмыстар Әл-Фараби ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерді эстетикалық және функционалдық тұрғыдан жаңартуға, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және қаланың заманауи келбетін жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.