Шымкент қаласында қаржылық пирамидалар мен интернеттегі заңсыз қызметтерге қарсы күрес: ағымдағы жағдай және болашақ жоспарлар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда екенін айтты: «…Сондықтан, қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Құзырлы органдардың бәрі заңға бағынатын жұртқа зардабын тигізіп жатқан алаяқтыққа және сол сияқты басқа да заңсыз әрекеттерге қарсы батыл шаралар қабылдауға тиіс».
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет атқарады. Департамент қызметкерлері экономикалық қылмыстық құқықбұзушылықтарды алдын-алу, анықтау және тергеу бойынша мүдделі. Жалпы 2024 жылдың жарты жылдығында Департамент өндірісінде қаржылық пирамида құру және басқару дерегімен 3 қылмыстық іс анықталған, 1 өндіріспен аяқталған, 2 іс өндірісте.
Заманауи интернеттің дамуы заңсыз сайттар мен парақшалардың көбеюіне, сондай-ақ әлеуметтік желілерде қаржылық пирамида және лудомания жарнамаларының таралуына әкеп соқты. Бұл мәселе азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр.
Қазіргі таңда заңсыз веб-сайттарды және парақшаларды бұғаттау мүмкіндігін қамтамасыз етілді. Бұл жүйе «Кибернадзор» деп аталады және заңсыз ойын бизнесі мен қаржылық пирамидалармен күресуге бағытталған. Жыл басынан бері 450-ден астам қаржылық пирамида жарнамалайтын веб-сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар бұғатталды, сонымен қатар WhatsApp және Telegram платформаларында 10 топ жабылды.
Агенттік бұл бағытта жұмыстарын жалғастыруда, әрі азаматтарға заңсыз контент туралы ақпаратты жолдау мүмкіндігі берілген. Осы жұмыстардың нәтижесінде қаржылық пирамидалардың саны мен қылмыстық істердің азайып келе жатқаны байқалады.
Сонымен қатар, қаржылық пирамидалардың тізімі мен өндірістегі қылмыстық істер туралы ақпарат Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми веб-сайтында (www.gov.kz) қолжетімді. Телеграм желісінде «Байқа пирамида» және «AFM Insider» боттары арқылы азаматтар қаржылық пирамида белгілерін тексере алады.
Азаматтарды қаржылық пирамидалардан қорғаудың тиімді жолы – тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Осы жылы «Қаржылық қауіпсіздік негіздері» сабақтарын жекеменшік мектептерде өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, 4 маусымда Агенттік ұйымдастырған «АФМонлайн» іс-шарасында қаржылық пирамидалармен күрес, әлеуметтік желілердегі тәртіп және интернет-алаяқтықпен күрес мәселелері талқыланды. Бұл шараға 200-ден астам студент, әкімдік қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен танымал блогерлер қатысты.
Бұдан басқа, қала тұрғындары көп шоғырланған орындарда «Абайлаңыз қаржылық пирамида» атты баннерлер орналастырылып, ойын-сауық орталықтарында, кинотеатрларда және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қаржылық пирамидаларды алдын-алу мақсатындағы бейнероликтер көрсетілуде. Келешекте, қысқа метражды фильм түсіріп, оны кинотеатрларда көрсетуді жоспарлап отырмыз. Халықтың қауіпсіздігі басты міндет болып табылатындықтан, ақша мәселесін көтеру орынсыз.
Аталған шаралар мен бастамалар Қазақстандағы интернеттегі заңсыз қызметтермен күресті күшейтуге және азаматтарды қорғауға бағытталған.
